Курсқа қабылдауды баптау

«Оқу және оқыту практикасында АКТ қолдану (ілгері деңгей)» педагогтердің біліктілігін арттыру курсы


Бағдарламаның мақсаты: педагогтердің кәсіби міндеттерді шешудегі  цифрлық құзыреттілігін жетілдіру.

Бағдарламаның міндеттері:

  • білім берудегі цифрлық транформацияның мазмұны және педагогтің цифрлық сауаттылығы туралы білімді кеңейту;
  • бұлттық технологиялар мен Web2.0 сервистерінің білім берудегі мүмкіндіктері туралы білімді тереңдету және мультимедиамен жұмыс істеу үшін интернет-ресурстар мен сервистерді пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
  • тиімді оқыту мен оқуды ұйымдастыру үшін синхронды және асинхронды оқыту қызметінің мүмкіндіктерін қолдану туралы білім мен түсінікті кеңейту;
  • оқу процесінде геймификацияны қолдану дағдыларын жетілдіру;
  • тайм-менеджмент туралы және кәсіби қызметтегі өзін-өзі дамытудың рөлі туралы түсінікті кеңейту және өзін-өзі ұйымдастыру мен өз бетінше білім алу құралдарын пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

Оқу нәтижелері

Тыңдаушылар:

  • білім беру процесіне цифрлық технологияларды интеграциялау үшін SAMR және TPACK модельдерінің құралдарын қолдана алады;
  • ортақ қолданыстағы құжаттармен жұмыс істеу дағдыларын игереді; сабақта қолдану үшін аудио және бейнематериалдарды әзірлеуге, интербелсенді тестілер мен инфографика құрастыруға арналған сервистердің  мүмкіндіктерін меңгереді;
  • асинхронды оқытуды ұйымдастыру үшін Google Класс, Google Сайт, Wix, Tilda сервистерінің мүмкіндіктерін меңгереді; синхронды оқытуға арналған сервистерді пайдалануды және Facebook әлеуметтік желісіндегі OBS Studio бағдарламасы мен Youtube видеохостингі арқылы хабар таратуды үйренеді;
  • оқушыларды ынталандыру үшін ойын механикаларын қолдануды және оқытуды геймификациялауды үйренеді;
  • өзіндік менеджмент және өзін-өзі дамытуды жоспарлау мақсатында Google сервистерін қолдануды үйренеді.

Guests cannot access this course. Please log in.