Курсқа қабылдауды баптау

Колледжде химияны оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары

Бағдарламаның мақсаты: «Химия» пәні педагогтарының пәндік білім саласындағы, инклюзивті орта қалыптастырудағы, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы және оқу жетістіктерін бағалаудағы кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

Бағдарламаның міндеттері:

  • білім алушыларға химиялық процестер, заңдар мен олардың заңдылықтарына қатысты материалдарды меңгеруде қиындық туғызатын күрделі тақырыптарды қарастыру;
  • «Химия» пәні бойынша білім алушылардың функционалдық/ жаратылыстану сауаттылығын дамытуға және оқу нәтижелерін бағалауға арналған практикалық тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын қалыптастыру;
  • инклюзивті білім беру жағдайында білім алушыларды қолдау және әмбебап оқыту стратегияларын қолдану негізінде тапсырмалар әзірлеу дағдыларын дамыту;
  • «Химия» пәні бойынша білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, оқу мақсаттары мен нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған тиімді оқыту процесін жоспарлау дағдыларын жетілдіру. 

Күтілетін нәтижелер:

  • тыңдаушылар білім алушылардың тиімді оқу іс-әрекетін құрылымдау үшін «Химия» пәнінің күрделі тақырыптары бойынша пәндік білімін тереңдетеді;  
  • білім алушылардың функционалдық/жаратылыстану сауаттылығын дамытуға және оқу жетістіктерін бағалауға арналған практикалық тапсырмалар әзірлейді;
  • «Химия» пәні бойынша білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, оқу процесін ұйымдастырады және оқу тапсырмаларын әзірлейді;
  • оқу сабақтарын оқу мақсаттары мен нәтижелеріне сәйкес жоспарлайды.

Guests cannot access this course. Please log in.