Курсқа қабылдауды баптау

«Колледжде тиімді оқу және оқыту» техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы

Бағдарламаның мақсаты: білім берудегі заманауи тенденциялар негізінде тиімді және рефлексиялық оқыту тәжірибесін ұйымдастыруда колледж педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Бағдарламаның міндеттері:

  • құндылықтарға негізделген тәсілдеме, инклюзивті білім беру принциптерін және білім алушылардың оқу мәдениеті мен мотивациясын дамыту туралы білімі мен түсінігін қалыптастыру;
  • педагогтің рефлексиялық тәжірибесін және көшбасшылығын дамыту үшін «Іс-әрекеттегі зерттеу» (Action Research) мен «Сабақты зерттеу» (Lesson Study) тәсілдемелерін жоспарлау, енгізу дағдысын қалыптастыру;
  • білім сапасын арттыру мақсатында заманауи тәсілдемелер мен қуатты педагогикалық құралдарды пайдалану арқылы тиімді оқу мен оқытуды ұйымдастыру дағдыларын жетілдіру;
  • пәннің оқу мақсаты мен оқу нәтижелеріне сәйкес тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлап, іске асыру және өзінің педагогикалық тәжірибесіне рефлексия жасау бойынша педагогтің практикалық дағдыларын дамыту.

Күтілетін нәтижелер

Тыңдаушылар:

  • оқу-тәрбие процесінде құндылықтарға негізделген тәсілдеме мен инклюзивті білім беру принциптерін және білім алушылардың оқу мәдениеті мен мотивациясын дамыту стратегияларын іске асырады;
  • зерттеу әрекеті мен рефлексиялық тәжірибесін жетілдіру үшін «Іс-әрекеттегі зерттеу» мен «Сабақты зерттеу» тәсілдемелерін, әріптестермен бірлескен жұмыс жасау әдістерін жүзе асырады;
  • оқудағы кедергілерді анықтау және мотивациялық оқыту теориясы негізінде білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес қолдау көрсету әдістерін айқындайды; белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы диалогтік оқытуды, оқу үшін бағалау және оқуды бағалауды жүзеге асырады, оқу мен оқытуда ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолданады, білім сапасын арттыру мақсатында білім алушылардың сыни және креативті ойлауын дамытады, білім алушыларды оқу-тәрбие процесіне тарта отырып тиімді оқытуды жоспарлайды және ұйымдастырады;
  • оқу мен оқытудың тиімді тәсілдерін қолданып, оқу мақсаты мен оқу нәтижелеріне сәйкес тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлайды және өзінің оқыту тәжірибесіне рефлексия жасайды.

Guests cannot access this course. Please log in.