«Оқу және оқыту практикасында АКТ қолдану (базалық деңгей)» педагогтердің біліктілігін арттыру курсы
Бағдарламаның мақсаты: білім беруде заманауи ақпараттық технологияларды қолданудағы педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту.
Бағдарламаның міндеттері:
- білім берудегі АКТ-ның рөлі, цифрлық сауаттылық және Интернет желісіндегі ақпараттық қауіпсіздік туралы түсінікті қамтамасыз ету;
- цифрлық білім беру ортасында қауіпсіз жұмыс істеу бағдарламаларын зерделеу және меңгеру;
- Интернет желісінде, электрондық поштамен және онлайн байланыс тәсілдерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
- білім беру процесінде оқу материалдарын дайындауда мәтіндік редактормен және электрондық кестелермен жұмыс істеу, презентациялар, аудио және бейнефайлдарды қолдану дағдыларын дамыту.
Оқу нәтижелері
Тыңдаушылар:
- білім берудегі АКТ-ның рөлін, педагогтің АКТ құзыреттілігінің құрылымын біледі және цифрлық сауаттылықты дамыту, Интернет желісінде қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету тәсілдерін түсінеді;
- Microsoft Word және Microsoft Excel мәтіндік редакторын қолдана отырып сабаққа арналған оқу дидактикалық материалдарын әзірлеу дағдыларын жетілдіреді;
- Microsoft Power Point бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып сабаққа арналған интербелсенді презентациялар құрастыруды және оқу процесінде қолдануға арналған аудио және бейнематериалдар әзірлеуді үйренеді.
