Колледжде географияны оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары
Бағдарламаның мақсаты: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының «География» пәні педагогтерінің географиялық білім, функционалдық сауаттылық және инклюзивті білім беру саласындағы кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Бағдарламаның міндеттері:
- «География» пәнін оқытудағы және инклюзивті білім беру жағдайында білім алушылардың зерттеу дағдылары мен функционалдық сауаттылығын дамытудағы тұжырымдамалық тәсілдемелерді қарастыру;
- картография, геоэкология, геоэкономика, геосаясат және елтану бойынша геокеңістіктік деректерді өңдеудің заманауи әдістерін оқыту үшін оқу бағдарламасындағы күрделі тақырыптарды талдау;
- білім алушылардың жаратылыстану сауаттылығын бағалауға және дамытуға арналған практикалық тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын жетілдіру;
- білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, «География» пәні бойынша оқу мақсаттары мен оқу нәтижелеріне сәйкес жоспарлау дағдыларын жетілдіру.
Күтілетін нәтижелер:
Курсты аяқтаған кезде Тыңдаушылар:
- білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін және функционалдық/жаратылыстану сауаттылығын дамытуды ескере отырып, «География» пәнін тиімді оқытудың тұжырымдамалық тәсілдемелерімен танысады;
- білім алушылардың географиялық білімін дамыту үшін «География» пәні бойынша оқу бағдарламасының күрделі тақырыптарын талдау негізінде теориялық білім деңгейін және практикалық оқыту дағдыларын жетілдіреді;
- инклюзивті оқытуды ескере отырып, білім алушылардың «География» пәні бойынша оқу жетістіктерін бағалауға және функционалдық/жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар әзірлей алады;
- білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, «География» пәні бойынша оқу мақсаттары мен оқу нәтижелерінің негізінде оқу сабақтарының жоспарларын әзірлейді.
