«Педагогтердің цифрлық дағдыларын дамыту» педагогтердің біліктілігін арттыру курсы
Бағдарламаның мақсаты: цифрлық технологияларды оқу процесіне тиімді интеграциялау үшін педагогтердің АКТ құзыреттілігін дамыту мақсатында тренерлердің цифрлық құзыреттіліктерін жетілдіру және оқыту дағдыларын дамыту.
Бағдарламаның міндеттері:
- білім берудегі цифрлық трансформацияның мазмұны, педагогтің цифрлық сауаттылығының рөлі және цифрлық технологияларды оқу процесіне интеграциялау модельдері туралы білімді кеңейту;
- Интернет желісіндегі ақпараттық қауіпсіздік туралы түсінікті тереңдету;
- оқу материалдарын әзірлеуде Microsoft Office қосымшалары мен Интернет желісінің мүмкіндіктерін қолдану дағдыларын дамыту;
- білім берудегі бұлттық технологиялар мен Web2.0 сервистерінің мүмкіндіктері туралы білімді тереңдету және интернет ресурстарын, синхронды және асинхронды оқыту сервистері мен геймификацияны қолдану дағдыларын дамыту;
- кәсіби қызметтегі тайм-менеджмент және өзін-өзі дамыту туралы түсінікті кеңейту және өзін-өзі ұйымдастыру мен өз бетінше білім алу құралдарын пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
Оқу нәтижелері
Тыңдаушылар:
- оқытудағы АКТ-ның рөлі, білім берудегі цифрлық трансформацияның мазмұны туралы біледі, цифрлық сауаттылықты дамыту және Интернетте қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету тәсілдерін түсінеді;
- білім беру процесіне цифрлық технологияларды интеграциялау үшін SAMR және TPACK модельдерінің құралдарын қолдана алады;
- Microsoft Word мәтіндік редакторының, Microsoft Excel электрондық кестелік процессоры мен Microsoft Power Point презентация бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып оқу материалдарын әзірлеу дағдыларын игереді;
- оқу процесінде қолдану үшін аудио және бейнематериалдар, интербелсенді тестілер мен инфографика әзірлеуге арналған сервистер мен бағдарламалардың мүмкіндіктерін меңгереді;
- асинхронды оқытуды ұйымдастыруға арналған Google Класс, Google Сайт, Wix, Tilda сервистерінің мүмкіндіктерін меңгереді; синхронды оқытуға арналған сервистерді пайдалануды және Facebook әлеуметтік желісіндегі OBS Studio бағдарламасы мен Youtube видеохостингі арқылы хабар таратуды үйренеді;
- оқушыларды ынталандыру үшін оқытуды геймификациялауды, өзіндік менеджмент және өзін-өзі дамыту мақсатында Google сервистерін қолдануды үйренеді.