«Колледж білім алушыларын психологиялық-педагогикалық қолдау» техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагог-психологтерінің біліктілігін арттыру курсы
Бағдарламаның мақсаты: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагог-психологтерінің кәсіби білімі мен дағдыларын жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
- практикалық психология негіздерін және білім алушылардың пихологиялық қорғану механизмдерін айқындау;
- когнитивтік, эмоционалдық, әлеуметтік, мінез-құлық қиындықтар мен бұзылуларды анықтау бойынша коуч-сессиялар ұйымдастыру дағдыларын дамыту;
- білім беру ұйымдарында буллингті анықтау дағдыларын жетілдіру;
- өмірдің қиын жағдайларына тап болған білім алушыларға психологиялық кеңес беру дағдыларын дамыту.
Оқу нәтижелері.
Тыңдаушылар:
- психиканың, мінез-құлықтың табиғаты туралы практикалық тәсілдемелер мен тұжырымдамалардың ерекшеліктерін және білім алушылардың психологиялық қорғану механизмдерін айқындай алады;
- когнитивтік, эмоционалдық, әлеуметтік, мінез-құлық қиындықтары мен бұзылуларды анықтау бойынша коуч-сессия ұйымдастыру жоспарын әзірлейді;
- буллингті анықтауға бағытталған жұмыстарды жүзеге асырады және буллинг жағдайында әрекет ету алгоритмін әзірлейді;
- өмірдің қиын жағдайына тап болған білім алушыға психологиялық көмек көрсету үшін тиімді құралдарды қолдана алады, ұсынымдар әзірлейді және психологиялық кеңес береді.
