Курсқа қабылдауды баптау

«Колледжде физиканы оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы

Бағдарламаның мақсаты: пәнді оқыту сапасын арттыру мақсатында «Физика» пәні педагогтерінің пәндік білім саласындағы, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы, оқу жетістіктерін бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеудегі кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

Бағдарламаның міндеттері:

  1. педагогтердің теориялық білімін және физиканы оқытудың практикалық аспектілерін жетілдіру;
  2. білім алушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды орындау және талдау дағдыларын жетілдіру;
  3. білім алушылардың оқу қажеттіліктерін ескере отырып және тиімді оқыту стратегияларын қолдана отырып білім беру процесін құрылымдау дағдыларын қалыптастыру;
  4. бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын дамытуға ықпал ету;
  5. оқу мақсаттарына сәйкес және білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін ескере отырып оқу сабақтарын жоспарлау дағдыларын дамыту.

Күтілетін нәтижелер:

Курс тыңдаушылары:

  1. теориялық білім деңгейі мен физиканы оқытудың практикалық аспектілерін жетілдіре алады;
  2. білім алушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды орындау және талдау, оларды оқу мақсаттарына сәйкес тәжірибеде қолдану дағдыларын жетілдіреді;
  3. білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып және тиімді оқыту стратегияларын қолдана отырып білім беру процесін құрылымдай алады;  
  4. бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу процесін жетілдіреді;
  5. білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, оқу мақсаттарына сәйкес оқу сабақтарын жоспарлау дағдыларын дамытады.

Курс көлемі: 72 академиялық сағат.

Guests cannot access this course. Please log in.