«ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ: КОНТЕНТ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАР» НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ
Бағдарламаның мақсаты: мектептегі оқыту және оқу процесіне цифрлық технологияларды интеграциялаудағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
- Цифрлық білім беру ортасын және мектепте оқыту процесінде қолданылатын құралдарды басқару дағдыларын дамыту.
- Цифрлық технологиялардың оқуға ықпалын талдау модельдерінің құралдарын қолдану дағдыларын қалыптастыру.
- Педагогтердің цифрлық құзыреттілігін және цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу дағдыларын жетілдіру.
Оқу нәтижелері:
Тыңдаушылар:
- білім берудегі цифрлық трансформацияның мазмұнын айқындайды;
- білім беру кеңістігіндегі өзгерістерді басқару құралдарын қолданады;
- цифрлық технологияларды оқыту және оқу процесіне кіріктіру үшін SAMR, TPACK модельдерінің құралдарын қолданады;
- цифрлық сервистер мен құралдар қолданылатын білім беру ресурстарын әзірлейді;
- цифрлық құзыреттілікті диагностикалау үшін цифрлық құралдарды қолданады.
