Педагогтің зерттеу қызметі: Action Research және Lesson Study
Курс көлемі: 80 академиялық сағат.
Бағдарламаның
мақсаты: «Сабақты зерттеу» және «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілдерінің
негізінде мұғалімдердің кәсіби білімін тереңдету және зерттеу дағдыларын
дамыту.
Бағдарламаның міндеттері:
- педагогикалық зерттеулердің түрлері мен ерекшеліктерін зерделеу;
- «Іс-әрекеттегі зерттеу» және «Сабақты зерттеу» тәсілдерінің ерекшеліктерін зерделеу және оларды өз тәжірибесінде іске асыру ерекшеліктерін талдау;
- Іс-әрекеттегі зерттеуді іске асыру кезеңдерінің реттілігін айқындау;
- Іс-әрекеттегі зерттеу проблемасы мен мәселесін тұжырымдау;
- деректерді жинау және өңдеу тәсілдерін, зерттеу үшін әдебиеттерге шолу жасау, зерттеу этикасы мәселелерін зерделеу;
- Іс-әрекеттегі зерттеуді енгізу жобасын әзірлеу, педагогикалық тәжірибеде Сабақты зерттеуді іске асыруды жоспарлау дағдыларын дамыту.
Оқу нәтижелері:
Педагогтер:
- педагогикалық зерттеу түрлері туралы түсінігін көрсетеді;
- «Іс-әрекеттегі зерттеу» және «Сабақты зерттеу» тәсілдерін қолданудағы өз тәжірибесін зерделейді және талдайды;
- зерттеу проблемасын негіздейді және зерттеу мәселесін тұжырымдайды;
- талдау нәтижелері негізінде деректер жинаудың тиімді әдістерін таңдайды және ұсынады;
- деректер жинауға арналған құралдарды әзірлейді;
- әдебиеттерді өз бетінше зерделейді және талдайды, әдебиеттерді (мақалаларды) тиімді оқу стратегияларын меңгереді;
- Іс-әрекеттегі зерттеуді ұйымдастыру ерекшеліктерін айқындайды;
- «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілін іске асыру жоспарын әзірлейді;
- «Сабақты зерттеу» тәсілін іске асыру сценарийлері мен тәсілдерінің ерекшеліктерін айқындайды;
- Іс-әрекеттегі зерттеу мен Сабақты зерттеуді жүзеге асыру нәтижелерін рәсімдеу тәсілдерін ұсынады.
Оқыту форматы: синхронды.
