Курсқа қабылдауды баптау

Облыстық ғылыми – тәжірибелік конференция

«САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ: ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ»

09 желтоқсан 2022 ж.,  Қызылорда қ.

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласындағы филиалы сіздерді 2022 ж.  09 желтоқсанында «САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ: ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ» тақырыбында  өтетін  ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияның ресми сайты: https://sdo.cpm.kz/local/crw/course.php?id=1069

Өткізу орны: Қызылорда қ.

Өтетін күні: 09 желтоқсан 2022 ж.

Қатысушыларды тіркеу уақыты: 8.30

Қонференцияға қатысу ақылы: 4000 теңге (конференцияға қатысуға төлем жасаған қытысушыларға сертификат беріледі)

Конференция жұмысының тақырыптық бағыттары:

  • Мектеп тәжірибесіндегі зерттеулер: тұрақтылық және кәсіби даму;
  • Мектеп тәжірибесіндегі Сабақты зерттеу;
  • Сабақты зерттеу дизайны: жоспарлаудан рефлексияға
  • Бірлескен зерттеу мәдениеті: Сабақты зерттеудегі түйінді аспектілер, өзекті әдістер, тиімді тәжірибелер;
  • Мектепішілік Сабақты зерттеу: нәтижелері және рефлексия;

Постерлік  таныстырылым критерийлері:

  • конференцияның тақырыбына сәйкестігі;
  • өзектілігі;
  • жұмыстың ғылыми негізділігі және зерттеушілік сипаты;
  • ұсынылатын зерттеу тақырыбының логикалық құрылымы және сауаттылығы;
  • практикалық маңыздылығы

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақша

Конференцияның форматы: офлайн

Guests cannot access this course. Please log in.