Курсқа қабылдауды баптау

Ұйымдастырушы: «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалы.

Өтетін күні, уақыты: 09 қараша    2022 ж., 10.00-15.30.

 Конференцияның мақсаты: Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің  заманауи трендтерін талқылау. Мектепке дейінгі білім беру ұйым педагогтерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру.  Озық инновациялық тәжірибелермен бөлісе отырып, кәсіби құзыретті болуына  қолдау көрсету.

Конференцияның міндеттері:

  • Мектеп жасына дейінгі балаларды зияткерлік, әлеуметтік және тұлғалық дамытуда инновациялық технологиялар мен әдістер бойынша білімдерін кеңейту;
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың  ұйымдастырылған оқу қызметін  әрбір баланың қызығушылықтары мен  қажеттіліктерін ескере отырып, ойын арқылы тәрбиелеу және оқыту процесін ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру бойынша өзара тәжірибе алмасу;
  • Мектепке дейінгі білім берудегі заманауи талаптарға сәйкес қолданылатын балалармен және ата-аналармен сындарлы  жұмыс жүргізу әдістері мен нысандарын талдау;

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ тілі

  Конференцияға қатысу тәртібі:   

Конференцияға қатысу жарнасын төлеу нұсқаулығы: https://youtu.be/sxq13Je7-ts  

Конференцияның онлайн трансляциясына тіркелген қатысушылар үшін ZOOM платформасында өткізіледі.  

Конференция қатысушыларына электронды сертификат беріледі. 

Guests cannot access this course. Please log in.