ПЕДАГОГТІ ДАМЫТУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ

Бағдарламаның мақсаты: сапалы оқыту және оқу идеяларын жүзеге асыру мақсатында мұғалімдердің кәсіби деңгейін жетілдіру.

Бағдарламаның міндеттері:

1) білім беруді дамытудағы заманауи трендтерді ескере отырып, білім беру процесіне өзгерістер енгізу қажеттілігін түсіну;

2) педагогтің кәсіби имиджінің құрамдас бөліктерін қарастыру;

3) шешендік өнер дағдыларын дамыту, ата-аналармен және балалармен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын қолдану;

4) білім беру процесінде оқытудың белсенді әдістерін, құралдық сауаттылық әдістерін қолдану;

5) оқытудағы цифрлық технологиялар мен сервистердің рөлін талдай білу және SAMR моделін қарастыру.

Оқу нәтижелері:

Тыңдаушылар:

1) білім беруді дамытудағы заманауи трендтерге сәйкес оқушының дағдылары мен құзыреттерін анықтайды;

2) өзінің кәсіби қызметінде вербалды және бейвербалды құралдарды қолданады;

3) шешендік өнер, ата-аналармен және балалармен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгереді;

4) цифрлық технологияларды SAMR моделінің деңгейлеріне сәйкес қолдануға арналған тапсырмалар әзірлейдітиімді онлайн құралдар мен сервистерді тәжірибе жүзінде қолданады;

5) білім беру процесінде оқытудың белсенді әдістерін, құралдық сауаттылық әдістерін қолданады.

Курс көлемі: 40 академиялық сағат.