«Биология сабағында бейімді-белсенді оқыту» педагогтердің біліктілігін арттыру курсы
Бағдарламаның мақсаты: бейімді-белсенді оқытуды сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Бағдарламаның міндеттері:
- биология пәні мұғалімдерінің дербестендірілген, даралап оқыту және бейімделген оқыту туралы теориялық білімін өзектендіру;
- бейімді-белсенді оқыту тұжырымдамасын және оны педагог тәжірибесінде іске асыру ерекшеліктерін зерделеу;
- CogBooks дербестендірілген онлайн платформасында жұмыс істеу дағдыларын меңгеру;
- 11-12-сыныптарда биология пәнін оқытуда CogBooks платформасы арқылы оқушылардың үлгерімін талдау және бағалау бойынша тұжырым (интерпретация) жасау дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
Тыңдаушылар:
- дербестендірілген оқыту жүйесіндегі бейімді-белсенді оқытудың рөлі туралы білетін болады;
- оқу процесінде CogBooks дербестендірілген онлайн платформасын қолданады;
- CogBooks платформасы ұсынатын оқушылардың оқу үлгерімі деректерін талдау және бағалау негізінде оқуда қиындықтары бар оқушыларды анықтай алады;
- оқушылар оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруі үшін CogBooks платформасының деректері негізінде жеке оқу траекториясын жоспарлайды.
