Колледжде тарихты оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары

Бағдарламаның мақсаты: педагогтердің оқу сабақтарында инклюзивті орта қалыптастыру, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және тарихи ойлау дағдыларын бағалау үшін «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Бағдарламаның міндеттері:

  • тарихты оқытудың әдіснамалық және концептуалды негіздерін зерделеу негізінде тарихи ойлау дағдыларын дамыту;  
  • тиімді оқыту, функционалдық тұрғыдан дамыту және оқу сабағында инклюзивті орта қалыптастыру үшін «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу бағдарламаларының күрделі тақырыптарына шолу жасау және талдау;
  • оқу мақсаттары мен оқу нәтижелеріне сәйкес білім алушылардың тарихи ойлау дағдылары мен функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу тәжірибесін жетілдіру;
  • білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тиімді оқыту стратегияларын қолдану негізінде оқу сабағын жоспарлау дағдыларын жетілдіру.

Күтілетін нәтижелер:

Курсты аяқтаған кезде Тыңдаушылар:

  • тарихты оқытудағы әдіснамалық және концептуалды тәсілдемелерді зерделеу негізінде тарихи ойлау дағдыларын дамыта алады;
  • функционалдық тұрғыдан дамытуды және оқу сабақтарында  инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыруды ескере отырып, «Тарих» пәні бойынша пәндік білімін тереңдетеді және оқу бағдарламасының күрделі тақырыптарын талдай алады;
  • тарихи концептілер негізінде білім алушылардың тарихи ойлау дағдылары мен функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған практикалық тапсырмалар әзірлейді;
  • оқытудың тиімді стратегияларын қолданып және білім алушылардың білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, оқу мақсаттары мен оқу нәтижелеріне сәйкес оқу сабақтарын жоспарлайды.