«Колледжде физиканы оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы
Бағдарламаның мақсаты: пәнді оқыту сапасын арттыру мақсатында «Физика» пәні педагогтерінің пәндік білім саласындағы, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы, оқу жетістіктерін бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеудегі кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
- педагогтердің теориялық білімін және физиканы оқытудың практикалық аспектілерін жетілдіру;
- білім алушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды орындау және талдау дағдыларын жетілдіру;
- білім алушылардың оқу қажеттіліктерін ескере отырып және тиімді оқыту стратегияларын қолдана отырып білім беру процесін құрылымдау дағдыларын қалыптастыру;
- бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын дамытуға ықпал ету;
- оқу мақсаттарына сәйкес және білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін ескере отырып оқу сабақтарын жоспарлау дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
Курс тыңдаушылары:
- теориялық білім деңгейі мен физиканы оқытудың практикалық аспектілерін жетілдіре алады;
- білім алушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды орындау және талдау, оларды оқу мақсаттарына сәйкес тәжірибеде қолдану дағдыларын жетілдіреді;
- білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып және тиімді оқыту стратегияларын қолдана отырып білім беру процесін құрылымдай алады;
- бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу процесін жетілдіреді;
- білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, оқу мақсаттарына сәйкес оқу сабақтарын жоспарлау дағдыларын дамытады.
Курс көлемі: 72 академиялық сағат.
