«ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ: КОНТЕНТ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАР» НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ

Бағдарламаның мақсаты: мектептегі оқыту және оқу процесіне цифрлық технологияларды интеграциялаудағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

Бағдарламаның міндеттері:

  1. Цифрлық білім беру ортасын және мектепте оқыту процесінде қолданылатын құралдарды басқару дағдыларын дамыту.
  2. Цифрлық технологиялардың оқуға ықпалын талдау модельдерінің құралдарын қолдану дағдыларын қалыптастыру.   
  3. Педагогтердің цифрлық құзыреттілігін және цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу дағдыларын жетілдіру.

Оқу нәтижелері:

Тыңдаушылар:

  • білім берудегі цифрлық трансформацияның мазмұнын айқындайды;
  • білім беру кеңістігіндегі өзгерістерді басқару құралдарын қолданады;
  • цифрлық технологияларды оқыту және оқу процесіне кіріктіру үшін  SAMR, TPACK модельдерінің құралдарын қолданады;
  • цифрлық сервистер мен құралдар қолданылатын білім беру ресурстарын әзірлейді;
  • цифрлық құзыреттілікті диагностикалау үшін цифрлық құралдарды қолданады.