Облыстық ғылыми – тәжірибелік конференция
«САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ: ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ»
09 желтоқсан 2022 ж., Қызылорда қ.
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласындағы филиалы сіздерді 2022 ж. 09 желтоқсанында «САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ: ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ» тақырыбында өтетін ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.
Конференцияның ресми сайты: https://sdo.cpm.kz/local/crw/course.php?id=1069
Өткізу орны: Қызылорда қ.
Өтетін күні: 09 желтоқсан 2022 ж.
Қатысушыларды тіркеу уақыты: 8.30
Қонференцияға қатысу ақылы: 4000 теңге (конференцияға қатысуға төлем жасаған қытысушыларға сертификат беріледі)
Конференция жұмысының тақырыптық бағыттары:
- Мектеп тәжірибесіндегі зерттеулер: тұрақтылық және кәсіби даму;
- Мектеп тәжірибесіндегі Сабақты зерттеу;
- Сабақты зерттеу дизайны: жоспарлаудан рефлексияға
- Бірлескен зерттеу мәдениеті: Сабақты зерттеудегі түйінді аспектілер, өзекті әдістер, тиімді тәжірибелер;
- Мектепішілік Сабақты зерттеу: нәтижелері және рефлексия;
Постерлік таныстырылым критерийлері:
- конференцияның тақырыбына сәйкестігі;
- өзектілігі;
- жұмыстың ғылыми негізділігі және зерттеушілік сипаты;
- ұсынылатын зерттеу тақырыбының логикалық құрылымы және сауаттылығы;
- практикалық маңыздылығы
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақша
Конференцияның форматы: офлайн
