Ұйымдастырушы: «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалы.
Өтетін күні, уақыты: 09 қараша 2022 ж., 10.00-15.30.
Конференцияның мақсаты: Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің заманауи трендтерін талқылау. Мектепке дейінгі білім беру ұйым педагогтерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру. Озық инновациялық тәжірибелермен бөлісе отырып, кәсіби құзыретті болуына қолдау көрсету.
Конференцияның міндеттері:
- Мектеп жасына дейінгі балаларды зияткерлік, әлеуметтік және тұлғалық дамытуда инновациялық технологиялар мен әдістер бойынша білімдерін кеңейту;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған оқу қызметін әрбір баланың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, ойын арқылы тәрбиелеу және оқыту процесін ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру бойынша өзара тәжірибе алмасу;
- Мектепке дейінгі білім берудегі заманауи талаптарға сәйкес қолданылатын балалармен және ата-аналармен сындарлы жұмыс жүргізу әдістері мен нысандарын талдау;
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ тілі
Конференцияға қатысу тәртібі:
Конференцияға қатысу жарнасын төлеу нұсқаулығы: https://youtu.be/sxq13Je7-ts
Конференцияның онлайн трансляциясына тіркелген қатысушылар үшін ZOOM платформасында өткізіледі.
Конференция қатысушыларына электронды сертификат беріледі.
