«Ағылшын тілі» пәні бойынша «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» 

Бағдарламаның мақсаты: орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптама жасау саласында педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру.

Бағдарламаның міндеттері:

1) бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасаудың негізгі тәсілдерін қарастыру;

2) бағалау процесінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен сипаттамаларын көрсету;

3) бағалау құралдарын әзірлеу мен сараптама жасауды үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

1) бағалау құралдарын әзірлеу мен сараптама жасаудың негізгі тәсілдерін білу және түсіну;

2) бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптама жасау кезінде дағдыларды қолдану;

3) оқу мақсатына жету үшін бағалау жүйесін қолдану.

  Курстың оқу барысында ерекше назар әртүрлі тапсырмаларды әзірлеуге, оларды ұсынудың түрлі формаларын қолдана алуына, тапсырмаларды әзірлеу және сараптама  жасауда педагогикалық әдіс-тәсілдерді жетілдіруге, ашық және жабық тест тапсырмаларын құрастыру, кілт және дистракторлар, тапсырмалар мен тест сұрақтарының мазмұнына талдау жасай алуына, одан әрі сабақта қолданатын тапсырмаларды таңдауға аударылады.