Мектептепішілік бақылауды жоспарлау және ұйымдастыру
Вебинардың мақсаты: жоспарды әзірлеу және мектепішілік бақылауды ұйымдастыру бойынша білім мен дағдыларды жетілдіру.
Міндеттері:
- Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру және жоспарлау бойынша тәсілдерді талқылау.
- Мектепішілік бақылауды жоспарлау және ұйымдастыру үшін нормативтік-құқықтық актілерді, құжаттарды зерделеу және анықтау.
- Мектепішілік бақылауды жоспарлау мен ұйымдастырудың практикалық дағдыларын пысықтау.
Күтілетін нәтижелер:
Вебинар тыңдаушылары:
- Мектепішілік бақылауды жоспарлау және ұйымдастыру үшін нормативтік-құқықтық актілер мен құжаттар тізбесін жасайды.
- Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру және жоспарлау функциялары, түрлері, нысандары, әдістері туралы танысады және талқылайды.
- Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін анықтайды.
- Мектепішілік бақылау жүргізу үшін сарапшыларға қойылатын талаптарды әзірлейді.
- Мектепішілік бақылау жоспарының жобасын бір-екі бағыт бойынша әзірлейді.