«Математика» пәнінен бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау

Курс бағдарламасы бағалау құралдарын әзірлеудің негізгі тәсілдерін қарастыруға және пән мұғалімдеріне бағалау құралдарын -  бағалау критерийлерін, тапсырмалар мен дескрипторларды, балл қою кестелерін әзірлеу және сараптама жасауда әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған.

Курстың мақсаты - орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасауда педагогтердің кәсіби біліктілік деңгейін арттыру болып табылады.

Курста оқу нәтижесінде Сіз:

•   критериалды бағалау құралдарын әзірлеудің негізгі тәсілдері туралы біліміңізді кеңейтесіз;

•  критериалды бағалау процесінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен сипаттамалары туралы біліміңіз мен түсінігіңізді  кеңейтесіз;

•  бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеу және оларға дескрипторларды құрастыру бойынша өз тәжірибеңізді дамытасыз;

•   тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеу және балл қою кестесін құрастыру дағдыларын жетілдіресіз;

•  критериалды бағалау құралдарына сараптама жасау және бағалау нәтижесін талдау әдістерін игересіз.