Жеке жазба
Price: Тегін

Бағдарлама мазмұны 3 модульді қамтиды және 88 академиялық сағаттан тұрады.

           Модуль 1. «Биология» пәнінен зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі» 32 академиялық сағатқа созылған. Тыңдаушылар пән бойынша зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру мен іске асыруды жоспарлау және мақсатын тұжырымдау, оқыту және бағалау әдістері мен тәсілдерін зерделейді және талдайды. 

         Модуль 2. «Негізгі мектепте «Биология» пәнінен зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу» 24 академиялық сағатқа созылған. Екінші модульді меңгеру барысында Тыңдаушылар негізгі мектепте (7-10 сынып) «Биология» пәнінен зертханалық және тәжірибелік жұмыстардын мазмұнымен, оқыту әдістемесі мен технологиясын зерделейді, танысады және талқылайды.

        Модуль 3. «Жоғары сыныптарда «Биология» пәнінен зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу» 32 академиялық сағатты қамтиды. Үшінші модуль материалдарын Тыңдаушылар ағылшын тілінде меңгереді. Осы модуль бойынша Тыңдаушылар жоғары мектепте (11-12 сынып) «Биология» пәнінен зертханалық және тәжірибелік жұмыстардын мазмұнымен, оқыту әдістемесі мен технологиясын зерделейді, танысады және талқылайды. Тыңдаушылар бір сабақтың материалдарымен танысып, тапсырмаларын орындаған соң ғана келесі сабаққа қол жеткізе алады. Осылайша алға ілгерілей отырып, Тыңдаушылар курстың барлық сабақтарымен танысады.

       Бағдарлама аясында Тыңдаушылар әр сабақ аясында тренерлерден кері байланыс алады. Курс соңында суммативті бағалау қорытынды тест арқылы жүзеге асырылады.