КУРС АВТОРЛАРЫ




Танирбергенова Анар Шынболатовна

Педагогика ғылымдарының кандидаты,

Халықаралық Психология Ғылымдары Академиясының мүшесі,

 ҚР БҒМ "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағының иегері 


Кусаинов Габит Муканаевич

      Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент 

    Білім және ғылым саласындағы халықаралық сарапшы- аудитор (ISO 2014)




БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ПСИХОЛОГТЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

МАҚСАТЫ:

Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті тиімді ұйымдастыру бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен дағдыларын жетілдіру.

МІНДЕТТЕРІ:

  • Біріншіден, тыңдаушылардың психологиялық қызметті жүзеге асыруда қолданылатын  нормативтік құқықтық базаның құрылымы мен стандарттары  туралы білімдерін кеңейту және тереңдету.

  • Екіншіден, балалар, жеткіншектер мен жасөспірімдер психологиясының тәжірибесі мен заманауи тәсілдері туралы білімдерін кеңейту. 

  • Үшіншіден, білім алушыларға, ата-аналарға және педагогтерге психологиялық кеңес беру дағдыларын қалыптастыру.

  • Төртіншіден, тыңдаушылардың когнитивтік, эмоционалдық, әлеуметтік және мінез-құлық ауытқуларының алдын алу бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыру.

  • Бесіншіден, жүйелі супервизия, дербес терапия және мектеп медиациясын іске асыру үшін қажетті кәсіби психологиялық рефлексия дағдыларын дамыту.