Қатысушылар аудиториясы: мектеп мұғалімдері , мектеп басшыларының орынбасарлары

Тақырыбы: “Мектепте сабақты зерттеу үдерісін ұйымдастыру

Бағдарлама міндеттері:  Сабақты зерттеу тәсілін іске асыру шеңберінде мұғалімдерге өз педагогикалық тәжірибесін бағамдап, жетілдіруге, зерттеу дағдыларын дамытуға көмектесу.

Семинар бағдарламасының мазмұны:   

I ВЕБИНАР.

Мектепте сабақты зерттеу үдерісін ұйымдастыру мәселелері. Сабақты зерттеу үдерісімен танысу. СЗҮ қадамдары. Топ құру.

II ВЕБИНАР

Проблеманы анықтау. Зерттеу тақырыбын тұжырымдау.

Сабақты бірлесіп жоспарлау. Сабақ өткізетін мұғалімді белгілеу

III ВЕБИНАР

Сабақты қадағалау тәсілдерімен таныстыру.

Сабақты қадағалау тәсілдерімен практикалық жұмыс. Оқушылармен сұхбаттасу

IV ВЕБИНАР

Зерттеу сабағынан  кейінгі талдау. Сабақ туралы рефлексия.

Қорытынды шығару. Нәтижелерді жариялау.

Күтілетін нәтиже:  Вебинарды іске асыру нәтижесінде мұғалімдер Сабақты зерттеу үдерісінің  сатыларын біледі және түсінеді, оқыту үдерісінде жүзеге асырады, бірлескен зерттеулер арқылы мұғалімдердің пән бойынша білімі жетіліп, оқыту дағдылары жақсарады, оқушыларды қадағалау қабілеті күшейіп, күнделікті тәжірибенің ұзақ мерзімді мақсаттармен байланысы нығаяды деп күтіледі

Семинар бағдарламасының құрылымы:  

  • Семинар ұзақтығы: 8 сағат
  • 1 сағаттан тұратын 4  вебинар - әр күнде
  • 1 академиялық сағат 45 минут 


Вебинарға тіркелу бойынша толық нұсқаулық:

1. Вебинарға қатысуға төлем жасау үшін сізге осы бетке тіркелу қажет. Мұны екі жолмен жасауға болады: кіру немесе тіркелу.

1.1 Тіркелген деректері бар адамдар үшін (осы сайттан аккаунт / логин және пароль), және егер сіз осы сайттағы ПШО онлайн курстарын бұрын аяқтаған болсаңыз, сізге «Кіру» батырмасын басып, осы сайттағы өзіңіздің логин және паролінізді енгізуіңіз керек

 1.2 Осы сайтқа алғаш кіргендер үшін (аккаунты жоқ болса) Сіз «Тіркелу» батырмасын басып, ашылған терезеде қажетті ақпаратты толтырып, тіркелуіңіз керек. Осыдан кейін сізге электрондық поштаға (тіркелу кезінде көрсеткен) тіркелу туралы растау жіберіледі (ол жерде сілтеме болады, сіз  сілтемені басуыңыз қажет). Содан кейін сізге  1.1- қадамына қайта оралып, өзіңіздің логиніңіз бен пароліңізді пайдаланып сайтқа кіруіңіз керек.

 2. Сіз сәтті кіргеннен кейін, сізде «Төлемдер парағына өту» батырмасы болады, оны басу арқылы сіз төлем туралы қосымша нұсқаулар аласыз (транзакция Халық Банкімен қорғалған, бұл барлық енгізілген деректер қауіпсіз). Сіз ҚР кез келген банктің VISA КАРТА  немесе MasterCard картасымен төлем жасай аласыз.

3. Сәтті төлем жасалғаннан кейін,  сіз  хабарламаны және «Курсқа кіру» батырмасын көресіз. Егер сізде осылай шықса, онда сіз бәрін дұрыс жасадыңыз. «Курсқа кіру» батырмасын басыңыз және көрсетілген күн мен уақытта вебинарға қосылыңыз