«Мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент» орта білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру 


Бағдарламаның мақсаты: жалпы білім беру ұйымдары басшыларын үздік халықаралық тәжірибе негізінде инновациялық менеджмент саласы бойынша кәсіби дамыту.

Бағдарламаның міндеті:

1) инновациялық менеджмент және жобалық менеджмент негізінде мектептің дамуын стратегиялық жоспарлау дағдыларын қалыптастыру;

2) мектеп мәдениеті мен білім беру инновациялары негізінде кәсіби баулу қоғамдастықтары мен әлеуметтік серіктестік арқылы педагогтердің кәсіби дамуын басқару дағдыларын жетілдіру;

3) мектепішілік бақылау, мониторинг және эвалюация негізінде білім беру процесінің сапасын басқару және бағалау дағдыларын жетілдіру;

4) рефлексия, көшбасшылық және өзіндік менеджмент негізінде тұлғалық-кәсіби даму дағдыларын дамыту.

Оқу нәтижелері:

1) Білім беру процесін мониторингілеу барысында жинақталған деректерді талдау негізінде мектептің стратегиялық даму жоспарын әзірлейді.

2) Мектеп мәдениеті және білім беру инновациялары негізінде кәсіби баулу қоғамдастықтары мен әлеуметтік серіктестік арқылы педагогтердің кәсіби дамуын басқару модельдерін жасайды.

3) Жоспарлау, ұйымдастыру, іске асыру және бағалау процестерінің сапасын басқару нәтижелері бойынша мектептің стратегиялық даму жоспарын жақсарту туралы рефлексия жасайды.

4) Мектепті табысты басқару үшін өзінің тұлғалық-кәсіби даму бағыттарын айқындайды.