Мектепке дейінгі білім беру ұйымы педагогтары, тартылған тренерлердің сұранысы бойынша бағдарлама мазмұны құрылды.Бағдарлама барысында тыңдаушылардың қажеттіліктері мен сұраныстары және педагог үні  ескеріледі. 

Курс барысындағы тартылған тренерлерде орын алған  мәселелері:

-Тыңдаушыларды өздігінен жұмыс жасатудың аздығы;

-АКТ дағдыны қолдану жеткіліксіз болуы;

-Сабақ барысында бірсарынды сұрақ-жауаптың орын алуы;

-Белсенді іс әрекетке барлық тыңдаушыларды  қамтамасыз етпеу;

-Тыңдаушылардың өздік жұмыста уақытты тиімді пайдаланбауы;

Вебинардың мақсаты :

-Тыңдаушыларды  қашықтықтан оқытуда қолданылатын  белсенді  іс  әрекет түрлерімен таныстыру

-Тыңдаушылардың  мақсатқа бағытталған  техникаларды анықтау дағдыларын жетілдіру

-Тыңдаушылардың қашықтықтан оқытудағы АКТ дағдыларын арттыру  

Күтілетін нәтиже:

-Белсенді іс әрекетке тарту техникаларын  айқындай алады

-Белсенді әдіс -тәсіл түрлерімен және қадамдарымен танысады

-АКТ дағдыларын арттырады  жіне тәжірибеде қолданып  дағдыланады