"Физика мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту" біліктілікті арттыру курсы

Бағдарлама жалпы білім беретін мектептердің физика мұғалімдерінің (бұдан әрі – Тыңдаушылар) «Физика» пәні бойынша оқу бағдарламаларының пәндік және практикалық мазмұнын тереңдету мәселелері бойынша пәндік құзыреттерін дамытуға, орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес «Физика» пәні бойынша оқу мақсаттарын жоспарлау мен іске асырудағы әдістемелік және әдіснамалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған.  

Бағдарламаның өзектілігі ХХІ ғасыр дағдыларын меңгерген тұлғаның функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған мектепте физикалық білім беруді дамыту қажеттілігімен айқындалады.  

Бағдарламаның мақсаты: пәнді оқыту сапасын арттыру үшін физика мұғалімдерінің пәндік білім саласындағы кәсіби құзыреттілігін жетілдіру. 

Бағдарламаның міндеттері:  

  • Тыңдаушылардың физика курсының мазмұны мен құрылымының әдіснамалық негіздерін, курс аясында қарастырылатын әдістемелік идеяларды терең түсінуін қамтамасыз ету; 
  • Тыңдаушылардың пән бойынша білімдерін оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес іске асырудағы білік-дағдыларын дамыта отырып тереңдету; 
  • Тыңдаушыларға қиындық туғызатын тақырыптар бойынша физикалық есептерді шығарудың әдіс-тәсілдері туралы түсініктерін кеңейту; 
  • Физикалық есептерді шығарудың прогрессивті әдістерін қарастыруға қызығушылығы мен ынтасын қалыптастыру; 
  • Тыңдаушылардың физиканы оқыту проблемаларын пән мазмұны аясында шешу, сондай-ақ оқыту процесін өз бетінше талдау дағдыларын қалыптастыру; 
  • мұғалімдердің қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу, физика есептерін шығару барысында әртүрлі цифрлық ресурстарды қолдану дағдыларын дамыту. 

Оқу нәтижелері:  

Тыңдаушылар: 

  • жалпы білім беретін мектептердегі физика курсы бойынша пәндік білімін жүйелейді және тереңдетеді; 
  • пәннің мазмұнын оқу бағдарламасының талаптары деңгейінде жүзеге асыруды үйренеді; 
  • мектептегі физиканың бөлімдері бойынша күрделілігі әртүрлі есептерді шығару дағдыларын жетілдіреді; 
  • зертханалық жұмыстарды орындау және есептерді шығару барысында қосымша әдебиеттерді, заманауи цифрлық ресурстарды пайдалануды үйренеді; 
  • физиканы оқыту проблемаларын пән мазмұны аясында шешу, сондай-ақ оқыту процесін өз бетінше талдау дағдыларын жетілдіреді.