"Математика мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту" біліктілікті арттыру курсы

Бағдарлама жалпы білім беретін мектептердің математика мұғалімдерінің (бұдан әрі – Тыңдаушылар) математика бойынша оқу бағдарламаларының пәндік мазмұнын тереңдету мәселелері бойынша пәндік-әдіснамалық құзыреттерін дамытуға, орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес «Математика», «Алгебра», «Алгебра және анализ бастамалары» және «Геометрия» пәндері бойынша оқу мақсаттарын жоспарлау мен іске асырудағы әдістемелік және әдіснамалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған.  

Бағдарламаның өзектілігі ХХІ ғасыр дағдыларын меңгерген тұлғаның функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған мектептегі математикалық білім беруді дамыту  қажеттілігімен айқындалады. 

Бағдарламаның мақсаты: пәнді оқыту сапасын арттыру үшін математика мұғалімдерінің пәндік білім саласындағы кәсіби құзыреттілігін жетілдіру. 

Бағдарламаның міндеттері:  

  • Тыңдаушылардың математика курсының мазмұны мен құрылымының әдіснамалық негіздерін, курс аясында қарастырылатын әдістемелік идеяларды терең түсінуін қамтамасыз ету; 
  • Тыңдаушылардың пән бойынша білімдерін оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес іске асырудағы білік-дағдыларын дамыта отырып тереңдету; 
  • Тыңдаушыларға қиындық туғызатын тақырыптар бойынша математикалық есептерді шығарудың әдіс-тәсілдері туралы түсініктерін кеңейту; 
  • Есептерді шығарудың прогрессивті әдістерін қарастыруға қызығушылығы мен ынтасын қалыптастыру; 
  • Тыңдаушылардың математиканы оқыту проблемаларын пән мазмұны аясында шешу, сондай-ақ оқыту процесін өз бетінше талдау дағдыларын қалыптастыру; 
  • мұғалімдердің қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу, есеп шығару барысында әртүрлі цифрлық ресурстарды қолдану дағдыларын дамыту. 

Оқу нәтижелері:  

Тыңдаушылар: 

  • жалпы білім беретін мектептердегі математика курсы бойынша пәндік білімін жүйелейді және тереңдетеді; 
  • пәннің мазмұнын оқу бағдарламасының талаптары деңгейінде жүзеге асыруды үйренеді; 
  • мектептегі математиканың бөлімдері бойынша күрделілігі әртүрлі есептерді шығару дағдыларын жетілдіреді; 
  • есеп шығару барысында қосымша әдебиеттерді, заманауи цифрлық ресурстарды пайдалануды үйренеді; 
  • математиканы оқыту проблемаларын пән мазмұны аясында шешу, сондай-ақ оқыту процесін өз бетінше талдау дағдыларын жетілдіреді.