«Тарих мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту» біліктілікті арттыру курсы

Бағдарламаның мақсаты: тарихты зерттеудің әдіснамалық тәсілдерін, Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихын оқытудың тұжырымдамалық негіздерін, тарихи концептілер негізінде зерттеуге негізделген оқытуды жоспарлаудағы мұғалімдердің пәндік-әдіснамалық құзыреттілігін дамыту.

Бағдарламаның міндеттері:

1) тарихты зерттеудің заманауи әдіс-тәсілдерінің жүйесі ретінде тарих әдіснамасы туралы түсінік қалыптастыру, зерттеуге негізделген оқытуда әдіснаманы қолдану дағдысын дамыту;

2) Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихын оқытудың концептуалдық негіздері туралы білімді тереңдету;

3) тарихи концептілер негізінде зерттеуге негізделген оқытуды жоспарлау дағдыларын дамыту;

4) оқушылардың пәндік (тарихи дереккөздермен, тарихи карталармен және т.б. жұмыс) және метапәндік (функционалдық сауаттылық) дағдыларын дамыту біліктерін жетілдіру.

Күтілетін нәтижелер:

1) тыңдаушылар тарих әдіснамасын тарихты зерттеу әдістері мен тәсілдерінің жүйесі ретінде түсінеді және қолданады;

2) Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихын оқытудың концептуалдық негіздерін біледі және түсінеді;

3) тыңдаушылар тарихи концептілер негізінде зерттеуге негізделген оқытуды жоспарлау дағдыларын жетілдіреді;

4) функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар шеңберінде оқушылардың сабақта тарихи дереккөздермен, тарихи карталармен жұмыс істеуін, басқа пәндермен интеграцияланған шығармашылық тапсырмаларды орындауын ұйымдастыру дағдыларын дамытады.