Оқыту  қазақ тілінде  жүргізілмейтін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің пәндік  құзыреттерін дамыту


Бағдарламаның мақсаты: тілді оқыту сапасын арттыру үшін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін жетілдіру.

Бағдарламаның міндеттері:

1)    тыңдаушылардың пән мазмұны мен құрылымының әдіснамалық негіздерін білуін және терең түсінуін қамтамасыз ету;

2)    тыңдаушылардың тілдің грамматикасын, лексикасын оқыту бойынша пәндік білімдерін кеңейту;

3)    бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінде тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту бойынша пәндік білімдерін жетілдіру;

4)   тыңдаушылардың пәнді оқытуда пайдаланатын оқу ресурстарын оқушылардың жас ерекшеліктері мен оқу қажеттіліктеріне сәйкес іріктеу, тапсырмаларды әзірлеу дағдысын дамыту;

5)   тыңдаушылардың пән мазмұны аясында оқу процесіне талдау жасау дағдысын дамыту.

Күтілетін нәтижелер:

Тыңдаушылар:

1) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінде тілді оқыту бойынша пәндік білімін жүйелейді және тереңдетеді;

2) оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту мақсатында оқу мақсаттарының мазмұнын, ортақ тақырыптарды, оқушылардың жас ерекшеліктері мен оқу қажеттіліктерін ескере отырып тапсырмалар әзірлеуді, ресурстар іріктеуді меңгереді;

3) оқу мақсаттарына сәйкес сөйлеу әрекетінің түрлерін ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін практикада қолдану дағдыларын жетілдіреді;

4) пән мазмұны аясында өз тәжірибесінің күшті және әлсіз жақтарын талдайды және рефлексия жасайды.