Стоимость: Курс аяқталды

Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі “Қазақ тілі” мен “Қазақ әдебиеті” пәндері мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін дамыту» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы


Бағдарламаның мақсаты: мектепте оқу процесін жетілдіруге бағытталған қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерін оқыту саласындағы пәндік құзыреттілікті қалыптастыру.

Бағдарламаның міндеттері:

  1. қазақ тілін оқытуда әдіснамалық негіздердің мазмұны мен құрылымын білу және  түсіну деңгейін қамтамасыз ету;
  2. оқу бағдарламасының талаптарына сай қазақ тілін және әдебиетін оқыту бойынша мұғалімнің практикалық тәжірибесін, пәндік білімін тереңдету;
  3. Тыңдаушылардың пәндік мәнмәтінде тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым дағдылары бойынша білімдерін кеңейту;
  4. грамматикалық құрылымдарды пайдалану, грамматикалық және лексикалық тапсырмаларды орындау үшін қажетті белгілі бір дағдылар мен біліктерді қалыптастыру;
  5. оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамытуға бағытталған жұмыс түрлерін ұйымдастыру дағдылары мен біліктерін жетілдіру;
  6. оқу мақсатына, оқу міндеттеріне, оқушылардың білім деңгейінің дәрежесіне, мәтіннің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты талдау жүргізу тапсырмаларын әзірлеу дағдылары мен біліктерін дамыту.

Оқу нәтижелері: Тыңдаушылар

  1. қазақ тілін оқытуда әдіснамалық негіздердің мазмұны мен құрылымын біледі және  түсінеді;
  2. пән мазмұнын оқу бағдарламасының талаптарына сай іске асырады;
  3. жеке тәжірибесінде тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым дағдылары бойынша  оқушылармен жұмыс жүргізу шеберліктерін жетілдіреді.
  4. грамматикалық құрылымдарды пайдалану, грамматикалық және лексикалық тапсырмаларды орындау үшін қажетті белгілі бір дағдылар мен біліктерін қалыптастырады;
  5. оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамытуға бағытталған жұмыс түрлерін ұйымдастыру дағдыларын мен біліктерін жетілдіреді;
  6. оқу мақсатына, оқу міндеттеріне, оқушылардың білім деңгейінің дәрежесіне, мәтіннің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты талдау жүргізу тапсырмаларын әзірлеу дағдылары мен біліктерін дамытады.