КУРС АВТОРЫ


Дюсенбаева Ардак Толеуовна

Педагогика ғылымдарының кандидаты


      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ - ЕЛБАСЫ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ БЕЛГІЛЕНГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ЖОЛДАРЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫ

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы еңбектерінде белгіленген әлеуметтік даму жолдарын түсіндіру жөніндегі педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы білім беру жұмысын басқару, үйлестіру, ұйымдастыру ісімен айналысатын білім беру мекемелерінің басшылары мен педагог кадрларына арналған. Бағдарлама Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың соңғы жылдардағы Жолдаулары мен мақалаларындағы білім беру саласына қатысты мәселелерді жүзеге асыруды түсіндіруге бағытталған.

             

Бағдарлама мақсаты: тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың соңғы жылдардағы Жолдаулары мен бағдарламалық мақалаларындағы білім беру саласына қатысты мәселелерді түсіндіру.

Бағдарлама міндеттері:

1) тыңдаушылардың Жолдау мен бағдарламалық мақалалардың мазмұнындағы білім беру саласына қатысты мәселелерді түсінуін қамтамасыз ету;

2) тыңдаушыларды Жолдау мен бағдарламалық мақалаларда айтылған білім беру саласына қатысты мәселелерді іске асыруға атсалысуға жұмылдыру.