«Мектепке дейінгі ұйымды басқарудың тиімді менеджменті» мектепке дейінгі ұйым басшыларының біліктілігін арттыру курсы


Бағдарламаның мақсаты: мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту аясында басшылардың мектепке дейінгі ұйымды басқарудың жаңашыл әдістерін қолданудағы кәсіби құзыреттілігін  арттыру.

Бағдарламаның міндеттері:

1)   мектепке дейінгі білім беру саласындағы тиімді басқару қызметі үшін теориялық білімдер мен практикалық тәсілдерді өзектендіру, мектепке дейінгі ұйымды басқару дағдыларын жетілдіру;

2)   мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны арқылы ХХІ ғасыр дағдыларын, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қажеттілігі туралы түсінік беру;

3)   мектепке дейінгі ұйымда және отбасында мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес денсаулығын сақтауды, нығайтуды және дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі білімін кеңейту;  

4)   мектепке дейінгі ұйымды дамытудың өзекті проблемаларын талдау, анықтау, шешу және педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсету үшін басқару мен көшбасшылықтың заманауи теорияларын қолдануды меңгерту;

5)    білім беру мазмұнын жаңарту аясында жаңа кәсіби міндеттерді шешу, мектепке дейінгі ұйымның даму  стратегиясын әзірлеу мен оны жүзеге асыру білігінің қалыптасуына ықпал ету.