"Білім беру ұйымдарындағы қақтығыстық жағдайларды басқару" біліктілікті арттыру онлайн курсы


Бағдарламаның мақсаты: тыңдаушының мектептің оқу-тәрбие процесі жағдайында оқушылармен, педагогтермен, мектеп әкімшілігімен және ата-аналармен тиімді өзара әрекеттестік орнату арқылы қақтығыстардың алдын алуға, қақтығыстық жағдайларды шеше білуі бойынша  кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Бағдарламаның міндеттері:


1)  қақтығыстық жағдайларды басқару үшін тыңдаушының теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын өзектендіру; 

2)  қақтығыстық жағдайларды шешудегі тыңдаушының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру; 

3)  тыңдаушының қақтығыстарды шешу әдістері мен тәсілдерін меңгеруіне ықпал ету;

4)  тыңдаушыға туындаған қақтығыстарды шешу мен тараптарды татуластыру техникаларын үйрету; 

5)  мектептің оқу-тәрбие процесі субъектілерімен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын игерту.