!!! НАЗАР АУДЫРЫҢЫЗ !!!
!!! КУРСҚА ЖАЗЫЛУ АЯҚТАЛДЫ. ЖАЗЫЛУҒА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ !!!
«Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру
курсы
Бағдарламаның мақсаты: пәндер
бойынша Оқу бағдарламаларын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде
мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
1) мұғалімдердің пәндер бойынша Оқу бағдарламаларының мазмұнын білуін қамтамасыз ету;
2) пәндер бойынша Оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдануды үйрету;
3) пәндер бойынша Оқу бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрету.
Оқу нәтижелері:
1) мұғалімдер пәндер бойынша Оқу бағдарламаларының мақсаттарын, міндеттерін, құрылымын және мазмұнын біледі және түсінеді;
2) мұғалімдер пәндер бойынша Оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
3) мұғалімдер пәндер бойынша Оқу бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі.