!!! НАЗАР АУДЫРЫҢЫЗ !!! 
!!! КУРСҚА ЖАЗЫЛУ АЯҚТАЛДЫ. ЖАЗЫЛУҒА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ !!! 




«БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ» ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ  БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫ 

 

Курс жалпы білім беретін мектептердің заманауи жұмыс істеуі жағдайында орта білім беру ұйымдары басшыларының басқарушылық құзыреттілігін арттыруға бағытталған.  

Мақсаты: Тыңдаушылардың басқару қызметін тиімді ұйымдастыруда және білім беру саласының алдында тұрған міндеттерді белсенді шешудегі кәсіби білімі мен дағдыларын қалыптастыру. 

Міндеттері: 

  • Тыңдаушылардың білім беру-құқықтық кеңістікте жұмыс істеу үшін қажетті білімі мен дағдыларын қалыптастыру; 
  • Тыңдаушылардың мектептегі әдістемелік жұмысты басқарудың заманауи тәсілдері мен түрлерін, әдістерін қолдануда білім мен дағдыларды меңгеруіне, педагогтердің ғылыми-зерттеу мәдениетін, мектеп шеңберіндегі және әдістемелік көшбасшылық дағдыларын қалыптастыруына жағдай жасау; 
  • мектеп директорының көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру, өзгерістерді басқару бойынша инновациялық мектепішілік менеджмент, оқу-тәрбие процесі сапасының мектепішілік бақылауы мен мониторингін жоспарлау және жүзеге асыру мәселелері бойынша технологиялық және басқарушылық білім мен дағдыларды меңгеруін қамтамасыз ету; 
  • оқу-тәрбие процесінің сапасын мониторингілеу мен бағалаудың, оларды басқару мәселелерін шешу барысында қолдана білудің заманауи әдіс-тәсілдері мен түрлері, технологиялары мен құралдары туралы білімді меңгеруін қамтамасыз ету.  

Оқу нәтижелері: 

Курс тыңдаушылары: 

  1. білім беру және басқару қызметінде нормативтік құқықтық актілерді қолданады; 
  2. мектеп менеджментінің негіздерін меңгереді, өзгерістерді  басқаруды және мектептің дамуын стратегиялық жоспарлауды үйренеді; 
  3. мектепішілік бақылауды жоспарлау, ұйымдастыру және іске асыру мәселелері бойынша басқару мәдениетінің негізгі компоненттерін меңгереді;  
  4. оқу-тәрбие процесі мен білім беру ұйымы қызметінің сапасын мониторингілеу мен бағалаудың тұжырымдамалық негіздерімен танысады; 
  5. білім беру ұйымының қызметі мен білім беру бағдарламаларын іске асыру нәтижелеріне мониторинг жүргізу және бағалау әдістерін, технологиялары мен құралдарын меңгереді.