«Ағылшын тілі» пәнінен «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» бойынша каникул мектебі
Бағдарламаның мақсаты: орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптама жасау саласында педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру.
Бағдарламаның міндеттері:
1) бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасаудың негізгі тәсілдерін қарастыру;
2) бағалау процесінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен сипаттамаларын көрсету;
3) бағалау құралдарын әзірлеу мен сараптама жасауды үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
1) бағалау құралдарын әзірлеу мен сараптама жасаудың негізгі тәсілдерін білу және түсіну;
2) бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптама жасау кезінде дағдыларды қолдану;
3) оқу мақсатына жету үшін бағалау жүйесін қолдану.