Қазақ тілінде оқытатын «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» (Т1) пәндері бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау

Бағдарламаның мақсаты: орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптама жасау саласында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру.

Бағдарламаның міндеттері:

1)  бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасаудың негізгі тәсілдерін көрсету;

2)  бағалау процесінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен сипатын көрсету;

3)  бағалау құралдарын әзірлеу мен сараптама жасауды үйрету.

Оқу нәтижесі:

1) мұғалімдер бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасаудың негізгі тәсілдерін біледі және түсінеді;

2) бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптама жасау дағдыларын қолданады;

3) оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолданады.