Орыс тілінде оқытатын «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» (Т2) пәндері бойынша
бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау
Бағдарламаның мақсаты:
Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптама жасау саласында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру.
Бағдарламаның міндеттері:
1) бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасаудың негізгі тәсілдерін көрсету;
2) бағалау процесінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен сипатын көрсету;
3) бағалау құралдарын әзірлеу мен сараптама жасауды үйрету.
Оқу нәтижесі:
1) мұғалімдер бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасаудың негізгі тәсілдерін біледі және түсінеді;
2) бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптама жасау дағдыларын қолданады;
3) оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолданады.