Каникулдық мектеп аясында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау»

Каникулдық мектеп аясында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау» орта білім беру ұйымдары педагог кадрларының біліктілігін арттыру бағдарламасы біліктілікті арттыру барысындағы оқыту үдерісін реттейді.

Бағдарламаның мақсаты: орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасау саласында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру.

Бағдарламаның міндеттері:

1) критериалды бағалау құралдарын әзірлеудің негізгі тәсілдерін зерделеу;

2) критериалды бағалау үдерісінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен сипатын ашып көрсету;

3) бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеуді және оларға дескрипторларды құрастыруды үйрету;

4) тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеуді және балл қою кестесін құрастыруды үйрету;

5) критериалды бағалау құралдарына сараптама жасау дағдысын қалыптастыру.