Стоимость: 4800 т

«Физика» пәнінен «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» бойынша каникул мектебі


Мақсаты: критериалды бағалау тапсырмаларын әзірлеу мен сараптамадан өткізу облысында педагогтардың кәсіби деңгейін арттыру.  

Міндеттері:

-         Жиынтық бағалаудың бөлім жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу   бойынша бастапқы дағды қалыптастыру;

-         Жиынтық бағалаудың тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу бойынша бастапқы дағды қалыптастыру;

Күтілетін нәтиже:

Семинар тыңдаушылары

-         Тапсырмалар түрлерін ажыратып, оны бағалау құралдарын әзірлеуде қолданады;

-         Жиынтық бағалаудың бөлім жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлейді және оған дескрипторлар құрастыру бойынша бастапқы дағдыларын қалыптастырады;

-         Жиынтық бағалаудың тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлейді және оған балл қою кестесін құрастыру бойынша бастапқы дағдыларын қалыптастырады;

-     Бағалау құралдарына сараптама жасау әдістерімен танысады және алған мәліметтерді талдап үйренеді.

Бағдарламаны ұйымдастыру негізі:

  Оқыту барысында  зерделейтін теориялық және әдістемелік материалдармен қоса нормативтік-құқықтық құжаттар және орындайтын тәжірибелік тапсырмалар, тесттер https://sdo.cpm.kz/ платформасында орналасқан.  Вебинарлар ZOOM платформасында өткізіледі.