Стоимость: 4800 т

«Биология» пәнінен «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» бойынша каникул мектебі

Курс бағдарламасы бағалау құралдарын әзірлеудің негізгі тәсілдерін қарастыруға және пән мұғалімдеріне бағалау құралдарын -  бағалау критерийлерін, тапсырмалар мен дескрипторларды, балл қою кестелерін әзірлеу және сараптама жасауда әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған.

Курста оқу нәтижесінде Сіз:

·      критериалды бағалау құралдарын әзірлеудің негізгі тәсілдері туралы біліміңізді кеңейтесіз;

·      критериалды бағалау процесінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен сипаттамалары туралы біліміңіз мен түсінігіңізді  кеңейтесіз;

·      бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеу және оларға дескрипторларды құрастыру бойынша өз тәжірибеңізді дамытасыз;

·      тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеу және балл қою кестесін құрастыру дағдыларын жетілдіресіз;

·      критериалды бағалау құралдарына сараптама жасау және бағалау нәтижесін талдау әдістерін игересіз.