Стоимость: 4800 т

«Математика» пәнінен «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» бойынша каникул мектебі

Курс бағдарламасы бағалау құралдарын әзірлеудің негізгі тәсілдерін қарастыруға және пән мұғалімдеріне бағалау құралдарын - бағалау критерийлерін, тапсырмалар мен дескрипторларды, балл қою кестелерін әзірлеу және сараптама жасауда әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған.

Курстың мақсаты орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасауда педагогтердің кәсіби біліктілік деңгейін арттыру болып табылады.

Курста оқу нәтижесінде Сіз:

•   критериалды бағалау құралдарын әзірлеудің негізгі тәсілдері туралы біліміңізді кеңейтесіз;

•  критериалды бағалау процесінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен сипаттамалары туралы біліміңіз мен түсінігіңізді  кеңейтесіз;

•  бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеу және оларға дескрипторларды құрастыру бойынша өз тәжірибеңізді дамытасыз;

•   тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеу және балл қою кестесін құрастыру дағдыларын жетілдіресіз;

•  критериалды бағалау құралдарына сараптама жасау және бағалау нәтижесін талдау әдістерін игересіз.