Стоимость: 4800 т

«Информатика» пәнінен «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» бойынша каникул мектебі

МАҚСАТЫ:

Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасау саласында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру

МІНДЕТТЕРІ:

  • критериалды бағалау құралдарын әзірлеудің негізгі тәсілдерін зерделеу;
  • критериалды бағалау үдерісінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен сипатын ашып көрсету;
  • бағалау құралдарын жасауға және сараптама жүргізуге үйрету.

 ОҚУ НӘТИЖЕСІ:

  • мұғалімдер критериалды бағалау құралдарын әзірлеудің негізгі тәсілдері туралы түсінігін кеңейтеді;
  • критериалды бағалауда қолданылатын тапсырмалардың типтері мен сипаттамаларын ажыратады;
  • бөлім/ортақ тақырып және тоқсандық жиындық бағалау тапсырмасын әзірлейді
  • бағалау тапсырмаларына сараптау жүргізеді.