Педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындары мен колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру

МАҚСАТЫ:  

Орта білім беру мазмұнын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу шеңберінде жоғары оқу орындары мен колледж оқытушыларының педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

МІНДЕТТЕРІ:

1) жоғары оқу орындары мен колледж оқытушыларын жаңартылған оқу бағдарламаларының мақсат-міндеттерімен, құрылымы және мазмұнымен таныстыру;

2) жаңартылған оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;

3) критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;

4) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламаларының мақсат-міндеттерімен, құрылымы және мазмұнымен таныстыру;

5) жаңартылған орта білім беру мазмұнын оқу процесіне енгізудің маңызын түсіндіру.