«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
Бағдарламаның мақсаты:
Мектептегі әріптестермен ынтымақтастықта жұмыс істеу мен көшбасшылықты дамытудағы кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында мұғалімдердің кәсіби дамуын жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
- Бағдарламаның теориялық негіздері бойынша тұжырымдамалық білім мен түсінік қалыптастыру;
- Бағдарламаның негізгі бағыттары мен мазмұнын білім беру жүйесіне ықпалдастыру арқылы мұғалімнің тәжірибелік дағдылары мен біліктілігін жетілдіру:
- Бағдарламаның негізгі идеялары туралы рефлексиялық;
- ойлау оқыту мен оқу үдерісін жоспарлау;
- Бағдарламаның жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау және іс жұзінде жүзеге асыру;
- мұғалімдерді оқытуды басқару мақсатында коучинг және тәлімгерлікті жүзеге асыру;
- оқыту мен оқу үдерісі туралы рефлексия.
- Мұғалімді мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығын ұйымдастыруға дайындау.
Бағдарламадан күтілетін нәтижелер:
- Мұғалімнің Бағдарламаның негізін құрайтын модульдер туралы тұжырымдамалық түсінігі мен тәжірибелік дағдылары қалыптасады;
- Мұғалім өз тәжірибесі туралы рефлексиялық ойлау дағдысын, оқыту үдерісін жоспарлау және өзін-өзі жетілдіру қабілетін дамытады;
- Мұғалім коучинг және тәлімгерлікті жүзеге асыру дағдыларын меңгереді;
- Мұғалім мектепте мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын ұйымдастыруға дайын болады.
