«Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы
Бағдарламаның мақсаты: Педагог қызметкерлердің білімі мен дағдыларының ауқымын кеңейтудегі қажеттіліктерін қанағаттандыру; қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ету.
Бағдарламаның міндеттері:
- Бағдарламаның теориялық негіздері бойынша тұжырымдамалық білім мен түсінік қалыптастыру.
- Бағдарламаның негізгі бағыттары мен мазмұнына сәйкес мұғалімнің тәжірибелік дағдылары мен біліктілігін жетілдіру:
◦ Бағдарламаның жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау және жүзеге асыру;
◦ мектеп деңгейінде коучинг пен тәлімгерлікті іске асыру;
◦ педагогикалық қоғамдастық аясында әріптестеріне кәсіби қолдау көрсету;
◦ рефлексиялық ойлау.
- Өз мектебінде мұғалімдердің педагогикалық қоғамдастығын құру.
Бағдарлама бойынша оқудан күтілетін нәтижелер:
- мұғалімде тұжырымдамалық түсінік пен тәжірибелік дағдылар негізі қалыптасады;
- бағдарламаның жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлайды және жүзеге асырады;
- коучинг және тәлімгерлік жүргізу дағдыларын игереді;
- мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығы аясында жұмысты іске асырып, қолдау көрсетуге дайын болады.
Барлық оқу кезеңіндегі академиялық сағаттың жалпы саны 344 сағатты құрайды, соның ішінде аудиториялық оқыту – 200 сағат, мектептегі тәжірибе – 144 сағат.
