«NIS мектеп командасы: тиімді басқару және білім сапасы» Назарбаев Зияткерлік мектептері басшылары мен педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы
Бағдарламаның мақсаты: көшбасшылар командасын мектеп командалары мен жоба жұмысын ұйымдастыру арқылы мектептегі өзгерістерді басқаруға баулу.
Бағдарламаның міндеттері:
- мектептің білім алушы ұйым ретіндегі сипаттасы мен мазмұны, оның даму бағыттары мен принциптері туралы түсінік қалыптастыру;
- мектеп командасын құру және дамыту дағдыларын қалыптастыру;
- тиімді коммуникация мен мотивация және ынталандыру құралдары арқылы команданың өнімділігін арттыру дағдысын қалыптастыру;
- өзгерістерді басқару бағытын анықтау және команданың даму кезеңіне сәйкес мектеп командасының қызметін жобалау дағдысын қалыптастыру;
- мектеп командасының мектепте білім беруді жақсарту бойынша жоба әзірлеу дағдысын қалыптастыру.
Бағдарламаның құрылымы келесі кезеңдерден тұрады: 1-кезең – аудиториялық, 2-кезең – мектептегі практика, 3-кезең – аудиториялық.
Курс көлемі: 160 академиялық сағат.