«Табысқа жету қадамдары» Назарбаев зияткерлік мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы
Бағдарламаның мақсаты: Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тиімді оқыту мен оқуды жүзеге асыру үшін педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
- Зияткерлік мектептер оқушыларының зияткерлік әлемі, сындарлы ойлауы және әлеуетті мүмкіндіктерін дамыту туралы түсінік қалыптастыру;
- Бағдарламаның негізгі бағыттарына сәйкес педагогтің практикалық дағдылары мен құзыреттілігін жетілдіру;
- Зияткерлік мектептер мұғалімдерінің педагогикалық қоғамдастығы жағдайында педагогтердің белсенді қызмет атқаруға дайындығын қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтижелер:
Тыңдаушылар:
- Зияткерлік мектептер оқушыларының зияткерлік әлемі, сындарлы ойлауы және әлеуетті мүмкіндіктерін дамыту туралы білімі мен түсінігін қалыптастырады;
- Бағдарламаның негізгі бағыттарына сәйкес педагогтің практикалық дағдылары мен құзыреттілігін жетілдіреді;
- Зияткерлік мектептер мұғалімдерінің педагогикалық қоғамдастығы шеңберінде белсенді қызмет атқаруға дайындығын қалыптастырады.
